семинар ата-аналармен

Тәрбие жұмысы: Семинар — тренинг жоспары

Өткізілуі: Ата-аналармен

Семинар-тренинг тақырыбы: «Отбасы татулығы»

Семинат-тренингтің мақсаты: Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым – қарынысты қалыптастырудағы ата-ананың алатын орны.

Семинар-тренингтің міндеттері:

Ата-аналарға отбасындағы ынтымақтастықты, татулықты,беріктіктің жолдарын анықтауға мүмкіндік беру.

Кіріктірілген модульдердің түрлерін пайдаланып, отбасының даму жолдарын, олардың табиғатынан берілген қасиеттерді түсінуге ықпал ету.

Ата-аналардың логикалық ойлауын, ой зеректігін сызба және макеттік жұмыс жүйелерін пайдаланып қажетті ортада пайдалануларына ықпал ету.

Көрнекі құралдыр: АКТ, А3 парақтары, маркер, қаламдар, нақыл сөздер, слайдтар, бейне фильм, май шам, стикер, смайлик, плакаттар.

Жоспары:

Ұйымдастыру (ата – аналарды қарсы алу)

Танысу

Сергіту сәті

Топқа бөлу (сурет арқылы)

Ой шақыру (бейне материалдар)

Топтық жұмыс (парқ арқылы қалпақ жасау, ағаштың суретін салу, кеме жасау)

Аяқталмаған сөйлем.

Қорытынды «Тілек шамы», Шаңырақ, жаднама тарату.

Сабақтың барысы:

Уақыты

Күні

Сабақ кезеңдері. Жұмыс түрлерінің мазмұны

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

26.02.

2014ж

1. Психологиялық кезең

1. Ата-аналарды қарсы алып, әртүрлі сандарды таратып, шеңберленген орындыққа жайғастыру.

1-жүргізуші: Армысыздар құрметті ата – аналар! Сіздермен қауышқанымызға қуаныштымыз. «Отбасында адам бойында асыл қасиеттер жарқырай көрініп қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім жақындарына, туған – туысқандарына деген сүйіспеншіліктен басталады» — деп елбасымыз Н.Ә. Назарбаев айтқандай мектебіміздің отбасылық жағдайларын қаншалықты деңгейде екендігін көрсету мақсатында қалалық «Отбасы татулығы» атты семинар – тренингке қош келдіңіздер.

1.Ата-аналардың семинарға жинақталуы.

2.Ата-аналармен танысу сәті.

2-жүргізуші:

 Ата болып ақыл айтып көріңдер,

Аға болып үлгі көрсет кішіге,Әже болып ертегі айтып көріңдер.

Іні болып көмектес сен ісіне.

Әке болып еркелетіп көріңдер,

Әпке болып мейіріміңмен аяла,

Ана болып мейірімділік төгіңдер

Қарындас боп бауырында саяла – деп ақын ағаларымыз жырлағандай тренингімізді сіздермен бастасақ. Ендеше «Мыңның түсін білгенше, бірдің атын біл» дегендей барлықтарыңызға берілген шеңберленген сандармен бірге рет –ретімен ортаға жарты ай болып шығуларыңызды сұранамыз. Танысу сәтін жүргізсек.

2. Ата-аналар өздеріне берілген сандар бойынша жұптасып бір – бірінің ұқсастықтары мен айырмашылықтары туралы таныстырып өтеді.

3.Сергіту сәті.

1-жүргізуші:

Оң қолымды көтерем

Оң қолымды түсірем

Сол қолымды көтерем

Сол қолымды түсірем

Оңға қараймын

Аяқты топ-топ басамын

Солға қараймын

Біраз сергіп аламын… дегендей біз сіздермен бірге сергіту сәтін жүргізсек.

3.Ата-аналар интерактивті тақтадан көрсетілген дене қозғалысын қазақтың бипыл әнімен жасайды.

4.Топқа бөліну.

4. Семинар-тренингімізді бастауға сіздерді топқа бөлеміз. Ол үшін сіздергі түрлі сурет қиындылары беріледі. Бұл қиынды суреттерден 3 нақты отбасын бейнелейтін суреттер құрастыруларыңыз керек. Ол суреттер сіздердің алғаш отырған орындарыңызда бейнеленген. Бейнеленген суреттерді құрастырып топ болуларыңызды сұранамыз.

4.Ата-аналар түрлі бағытта кескінделген суреттерді алып, бір-бірімен сәйкестендіріп құрастырып, 3 топқа бөлініп отырады.

5.Ата-аналармен жұмыс түрлері.

1-тапсырма.

2-тапсырма.

5. Отбасы дегеніміз не?

Ата-аналардың ойы тыңдалғаннан кейін шағын сұраққа жауап ретінде баяндама оқылады.

5.1. Баяндама оқылғаннан кейін шағын бейне фильм көрсетіледі және ата-аналардың ойынан кейін шағын түсініктеме беріледі.

Мінекей ата-аналар сіздердің көріп отырғандарыңыз әлемге әйгілі болған отбасыны көріп отырсыздар. Барлықтарыңызыдың отбасыларыңыз осыншалықты тату деген оймен сіздермен бірге топық жұмыстар жасалу беріледі. Топтық жұмыстың барысында түрліше тапсырамалар орындалады. Ол тапсырманы алдарыңызда жатқан макеттер арқылы өз топтарыңыздағы отбасылардың татулығын көрсетіп бейнелеу керексіздер. Уақыт 8 минут беріледі.

А) Қалпақты жасағандарға-отбасындағы кикілжіңдердің туындау себептері

Б)Ағаш салуда-отбасындағы ынтымақтастықты сақтауда не істеу керек?

В) Кеме жасауда- отбасы мүшелерінің рөлін бейнелеу.

2 Тапсырма бойынша ата-аналарға жасырынған конвертте аяқталмаған сөйлем, мақалды аяқтау, кінәлі сөздер беріледі.

Аяқталмаған сөйлем:

1 – Егер баланы үнемі сынап отырса, …….

2. — Егер балаға отбасында үнемі күлсе, …

3. — Егер бала төзімділікте өссе, …

4. – Егер бала кекшілдікте өссе, …

5. –Егер бала түсіністікте және сүйіспеншілікте өссе, …

Мақалды аяқтау:

1. Мақалды жалғастыр. Бала жас шыбық … (қалай исең, солай иіледі)

2. Ана бауырындағы бұлақ …. (бала жағасындағы құрақ)

3.Балаңыздың қандай да бір іске өнері, қызығушылығы байқалсы не істер едіңіз?

4. Сіздің балаңыз сізге түн неге қараңғы? Күн қайда кетті ? деген сұрақтар қойса, қалай жауап берер едіңіз…..

5. Балаңыз сізді ренжітті, сіздің іс — әрекетіңіз.

Кінәлі сөздер:

1. Сенен ешқандай жақсылық шықпайды, нөлсің.

2. Неге сен басқа балалардай емессің?

3. Неменеге ұсқынсыз болып кеткенсің, шашың дудыраған, үстің кір-кір.

4. Тағы осылай істесең, менен таяқ жейтін боласың.

5. Сенің кесіріңнен өмірі жолымыз болмады.

Ата-аналардың ойын тыңдағаннан кейін дұрыс жауабын оқып шығамын.

5.Ата-аналар бір – бірімен ақылдасып, өз ойларын әр топтан түрліше ойлар айтылады.

5.1. Ата-аналар бейне фильмді көріп болғаннан кейін өз ойларын ортаға салды

Әр топтан бір ата-анадан шығып, тапсырма түрлерін алады. Және орындауға кіріседі. Тапсырма соңында әр топтан шығып өз тақырыптары туралы қорайды.

Әр топтың ата-аналары өздеріне берілген тапсырманы топ бойынша орындайды.

6. Кері байланыс

6.Құрметті ата-аналар қандай жағдай болмасын біз өз отбасымыздағы балалармызбен үлкендерді әрқашан қолпаштап, жылы сөздермен қолдап отыруымыз қажет деп білемін. Бүгінгі біздің сіздермен бірге жүргізген «Отбасы татулығы» семинар-тренингімізді «Тілек шамын» жағумен қорытындылай кетсек. Әуелі алдарыңыздағы смаиликтерге өздеріңіздің бүгінгі семинарымызға деген «Екі жұлдыз, бір тілектеріңізді» жазып ілулеріңізді сұранамыз.

«Тілек шамы» Бұл шамды жаққан себебім әрқашан алдарыңыз осы жарық шырақ секілді ашық, жарық болсын, оттарыңыз сөнбесін деймін. Және де бір – бірлеріңізге тілек айтуларыңызды сұраймын. Тілек шамымен бірге айтылған тілектеріңіз қабыл болсын.

6. Ата-аналар смаиликтерге өздерінің тілектері мен ұсыныстарын жазып «Екі жұлдыз, бір тілек» қабырға газетіне іліп шығады.

Жағылған шамға қарап ата-аналар бір-біріне тілектерін айтып шығады.

7.Қорытындылау.

Қорытынды сөз

Дөңгеленіп тұрайық,Керегені құрайық.Уықтар боп иіліп,Шаңыраққа киіліпКиіз үйді құрайық.

Қорыта келгенде, адам бойында екі сәуле пайда болады екен. Ол ақ сәуле адам бойында басым болса, жақсылық пен мейірімділік көп жасалады. Ал қара сәуле басым болса, жамандықты көп жасайды екен. Сондықтан бойымызда ақ сәулені басым ұстап, ешкімді ренжітпеуді, ренжітсек кешіре білуді басты мақсат етіп қояйық. Өмірдегі болып жатқан нәрселерге екі жақты көзқараспен қарап, бір-бірімізге кешірімді, мейірімді, иманды болайық.

Ата-аналар шеңбер құрып отбасының татулығын құрайтын өз қолдарымен шаңырақ құрайды.